13.08.2024, 16:45
Оқылды: 242

Казталов ауданының әкімі үздік түлекпен кездесті

Казталов ауданы бойынша 259 түлек мектеп бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге 242 оқушы қатысты (93,4%). ЖОО грант иегері – 127 (52,4 %) оқушы.
F1D19E33-E6B4-4D09-B08C-99A796C16A65
Бүгін Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша БҚО көлемінде ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп 138 балл жинаған К.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің «Алтын белгі» иегері Абылай Қанатұлы Мақсотты қабылдады.
Қабылдауға аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Қанапияқызы, аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісінің міндетін атқарушы Асыл Закарияқызы, К. Мендалиев ат. ЖОББМ директоры Салтанат Кәрімқызы, Абылайдың ата-анасы Қанат Мақсотұлы мен Ақтоты Амандыққызы қатысты.
1602D5C9-83C2-466B-B5FD-C47900CB8B31
Абылай Қанатұлы Мақсоттың жеткен жетістіктеріне тоқталсақ:
- Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХVІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпазы
- Облыстық А.Тайманов атындағы «Ақ желкен» математикалық регатасы ІІ орын
- Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі «Математика» пәнінен алғысхат иегері
- Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қала құрылысы» мамандығы бойынша грант иегері атанды.
– Жастар үшін ең маңыздысы – білім алу. Өзіңнің біліміңнің арқасында жақсы жетістіктерге жетіп жатырсың. Бұл әрине аудан үшін қуанышты жәйт. Сіздің және замандастарыңыздың алар асуларыңыз, шығатын биіктеріңіз әлі алда. Сізді осындай керемет жетістіктерге жеткізген ата-анаңызға, ұстаздарыңызға алғысымды айтамын. Алған біліміңіз бен күш-жігеріңізді облыс, ауданымыздың дамуына, көркеюіне жұмсайды деп сенемін», - деді өз сөзінде аудан басшысы.
7B33CBBB-4551-495F-A598-F132E91432BD
Облыстық білім беру басқармасы мен аудан әкімінің атынан Абылайдың ата-анасы Қанат Мақсотұлы мен Ақтоты Амандыққызына алғысхат пен гүл шоғы табыстаса, Абылай Қанатұлына алғысхат пен айфон естелік сыйлығын табыстады.
Өз кезегінде Абылай мен ата-анасы да аудан басшысы мен қолдау білдірген ұстаздарына ризашылықтарын айтты.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале