10.12.2024, 16:00
Оқылды: 128

Қазталов командасы ұлттық ойындар жарысында топ жарды

Күні кеше ғана Тасқала ауданының Қосшы ауылдық округіне қарасты Кеңжайлау елдімекенінде жастарды салауатты өмір салтына және ұлттық спортқа бейімдеу мақсатында спорттық жарыс өтті.
image-10-12-24-03-41
Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен бес жыл қатарынан өтіп жатқан бұл шаралар тек спорттық жарыс қана емес, жастар үшін нағыз тәрбие алаңы мен ұлттық құндылықтарды таныту алаңына айналды.
Ұлттық спорттың ең тартысты түрі – «Асау үйрету». Асау үйрету – айрықша өнер. Бұл ұлттық ат спортының ерекше түрі, онда аттарды үйрету мен баптау ғана емес, аттың еркіндігі мен батылдығы сынға түседі. Тартысты ойын нәтижесінде Қазталов ауданының атынан қатысқан «Әбіш» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Бұл жеңіс олардың ат баптаудағы жоғары шеберлігін көрсетті.
Ауылдың мығым білекті мықты жігіттерінің қайраты мен шар болаттай шымырлығы талайдың таңдайын қақтырары сөзсіз! Әбіштік азаматттар өрлігі мен өжеттілігі көрініс тапқан жарыста алға озып, ұлттық спорт жанашырларының оң бағасын алды.
Жұлдыз Асқар
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале