5.06.2019, 14:47
Оқылды: 35

«Қазталов-Жәнібек-Бөкей ордасы» жолының құрылысы басталды

Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгінов Қазталов ауданына келді. «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» республикалық жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан өңір басшысы Қазталовтағы көшпелі жиынға қатысты.

 52c6dda7-99e9-47b4-afca-054aa0a620ff

Биыл Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасы бойынша Қазталов-Жәнібек-Бөкей ордасы бағытындағы күре жол күрделі жөндеуден өткізіледі. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Сейдірұлының төрағалығымен өткен көшпелі жиында мәлім болды.

Қазталов, Жәнібек, Бөкей ордасы ауданы тұрғындарының басын қосқан жиында өңір басшысы республикалық маңызы бар күре жол биыл үш лот бойынша күрделі жөндеу жұмыстары басталатынын жеткізді.

39c175e9-1615-4f8f-9fd7-f839b7e8834d

– Қазталов-Жәнібек-Бөкей ордасы күре жолы Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бақылауында тұр. Қазталов ауылынан басталатын бірінші лот бойынша 50 шақырым жолды «Юнисерв» ЖШС жасайтын болса, Жәнібекке дейін екінші, үшінші лоттар бойынша 85 шақырым жолды «ТеміржолЖөндеу» ЖШС атқаратын болады. Ал Бөкей Орда бағытындағы лоттар бойынша конкурс өткізіліп, мердігер анықталып жатыр. Алдағы уақытта ол бағытта да жолды бастаймыз. Алдағы екі жылдың ішінде аяқтау көзделіп отыр,- деді облыс әкімі.

Сонымен қатар Алтай Сейдірұлы «Чапаев-Жалпақтал-Қазталов» жолына да тоқталып өтті.

- Биылғы жылы осы жолдың жөндеу жұмыстарына 2 млрд. 500 млн теңге қаражат бөлінді. Соның нәтижесінде «Юнисерв» ЖШС Қазталов бағытында 16,6  шақырым жолды жөндейтін болады. Бұл жолға қосымша қаражат қарастырылып жатыр. Сол үшін жылдың аяғына дейін мердігерге жолды түгелімен бітіруді тапсырамын,- деді.

Қайрат Жақып,

Суретке түсірген Динара Киндербаева

Қазталов ауданы

762aa498-e7ec-46d1-8b8d-d489611bf06a a4411183-7530-47b9-902f-67b2b13b7db6 ea1ef693-7ac1-4fcd-9619-2d0054ffd1cb 0eb2d3d6-ea8a-4a15-8b9f-fe7f50f3a8b0 682eac63-5e25-45b0-a6a0-c466dcfffb14 3a126f6c-3363-4e2c-8817-372556a59c2d

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале