23.02.2026, 23:00
Оқылды: 18

Казталовта «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты кездесу өтті

Казталов ауылында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты аудандық штаб мүшелері түсіндіру жұмыстары аясында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өткізді.

image-23-02-26-03-54-1

Маңызды басқосу ел дамуының жаңа кезеңіне бағытталған конституциялық реформаларды жан-жақты түсіндіруді мақсат етті.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасына енгізілетін өзгерістердің мәні кеңінен тарқатылып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, демократиялық қағидаттарды нығайту бағытындағы бастамаларға ерекше тоқталды. Мемлекет басшысы айқындаған «Әділдік, Заң және Тәртіп» ұстанымдарының қоғам тұрақтылығы мен ел өркендеуіндегі рөлі нақты мысалдармен түсіндірілді.

image-23-02-26-03-54

Жиын ашық пікір алмасу форматында өтті. Мемлекеттік қызметшілер өз ой-пікірлерін білдіріп, Жаңа Конституцияны қолдайтындарын білдірді. Олар жүзеге асырылып жатқан реформалардың ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.

Кездесу барысында 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумның ел өміріндегі тарихи маңызы ерекше атап өтілді. Әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымы мемлекет дамуының басты кепілі екені айтылды.

Ернәсіл Рысқалиев
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале