7.04.2023, 11:30
Оқылды: 79

Казталовта «Әкеммен бір күн» жобасы жүзеге асып жатыр

Қазақ халқы «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуге тырысқан.

339147551_5994460194000646_285473353742441972_n

Казталов ауданындағы Ғ.Бегалиев атындағы мектептің саналы ұрпақты тәрбиелеу жолында өткен жылдың қараша айынан бастап «Әкеммен бір күн» жобасын қолға алған болатын.

 Бұл жобаның ауқымы кең. Атап айтқанда, жоба «Ат баптау», «Ат-әбзелдерін даярлау», «Асау үйрету», «Көкпар», «Аударыспақ», «Шабандоздар», «Қамшы өру», «Темірден бұйым жасау», «Ағаштан бұйым жасау», «Өнерлі әкелер» секілді 10 бағыттан тұрады.

Бұл жобаға 15 әке, 71 ұл бала қатыстыру жоспарланған. Жалпы жобаның мақсаты – саналы ұрпақ тәрбиелеп, ұлттық құндылықтар мен ізгі қасиеттерді оқушы бойына дарыту және шеберлік сағаттарын өткізу болса, шеберлік сағаттарынан алған білімдерін күнделікті өмірде жүзеге асыру.

339960427_631713168768387_2701396453004710781_n

Осы жоба аясында Ғ.Бегалиев атындағы мектептің «Ат баптаған серілер мен темірден түйін түйген мырзалардың» шеберлік сағаттары өтті.

Шеберлік сағат барысында ат баптап жүрген ауыл азаматы Аян Ғайсаұлы мен Есенбек Құбайұлы жылқының бағы мен бабын келістіріп баптаудың қыр-сырын үйретіп, оқушы балаларды жылқыға отырғызды.

339962437_1280704469464548_716604495613348542_n

Ал темірден түйін түйіп, пластик турбаларды нақышына келтіріп иетін Жангелді Маннапұлы мен Алмас Жұмағалиұлы шеберлігін көрсетіп, оқушы ұлдарға дәнекерлеуді практика жүзінде орындатты.

Шеберлік сағатына қатысқан оқушылар күндерінің ерекше өткенін және қолдарына дәнекерлеу аппаратын ұстап көру сезімі бөлек екенін жеткізіп, жылқы туралы біраз мәлімет білгендерін атап өтті.

Шеберлік сағаты соңында Аян Ғайсаұлына, Есенбек Құбайұлына, Жангелді Маннапұлы мен Алмас Жұмағалиұлына алғыс хаттар табысталды.

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале