3.09.2018, 16:07
Оқылды: 30

Қазталовта алғаш рет ІТ сынып ашылды

«Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалы Елбасы тапсырған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру үшін атсалысуда. Осыған орай Жалпақтал ауылындағы К.Меңдәлиев атындағы орта мектепте ІТ-сынып ашылды.

it synyp (1)

         Аталмыш сыныптың тұсаукесеріне «Нұр Отан» партиясы Қазталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Бекмулдин, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Н.Дүйсеков арнайы келіп, сыныптың ашылуымен құттықтап, мектеп ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.

         Оқушылардың ІТ технологияға қызығушылығын арттыру басты мақсат. IT сыныпта 8 бен 16 жас аралығындағы балалар еуропалық білім беру стандарты негізінде, факультативті пән ретінде тереңдетілген білім алатын болады. Білім беру жүйесін цифрландыру талаптарына бейімдеу қажеттілігін ескерсек, IT сынып үлкен көмек болмақ.

         -Облыс бойынша 15 ІТ сыныбы ашылу керек болса, соның бірі ауданымызда алғашқы рет К.Меңдәлиев атындағы мектепте ашылып отыр. Бұл сынып балаларды мектепті бітірер уақытында белгілі бір мамандық иесі атануына икемделуіне септігін тигізеді,-дейді Ерболат Мұратқалиұлы.

         Мектептің 9 сынып оқушысы Назерке Наурызғалиева мектеп оқушылары үшін үлкен қуаныш екенін айтып, ел ағаларына ризашылығын білдірді.

         Айта кетсек, IT сынып ашу мектеп түлектерінің қолдауы арқылы жүзеге асқан. Жаңа технологиялармен жабдықталған кабинет жастардың цифрлы технологияның тілін жетік меңгеріп, инженерлік-технология, химия-биология бағытында ғылыми-зерттеулермен айналысуларына, сандық технология бағытындағы білімін арттыруға жол ашпақ.

Тұрарбек АҚМЫРЗА,

 Қазталов ауданы

it synyp (2) it synyp (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале