17.04.2025, 19:00
Оқылды: 492

Казталовта «AMANAT» партиясының жаңа атқарушы хатшысы тағайындалды

Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысының №47JQ бұйрығына сәйкес «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының атқарушы хатшысы лауазымына Ернар Аққалиұлы Ильясов тағайындалды.

photo-output
Жаңадан тағайындалған хатшыны Казталов ауданындағы партия активіне Батыс Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы Сафималиев таныстырып, Ернар Аққалиұлының алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Ернар Аққалиұлы Ильясов 1981 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қошанкөл ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. 2001-2004 жылдары аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тамамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Казталов ауданы Қошанкөл ауылдық округінің Ғали Беғалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.
2009 - 2011 жылдары Ғали Беғалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің оқу ісінің меңгерушісі;
2011-2012 жылдары Ғали Беғалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;
2012-2020 жылдары Ғали Беғалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің директоры;
2020-2024 жылдары Қошанкөл ауылдық округінің әкімі;
2024 жылдың мамыр айынан күні бүгінге дейін Казталов ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Отбасында жолдасы екеуі 6 бала тәрбиелеп отыр.

Қайрат Жақып
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале