23.11.2018, 16:03
Оқылды: 52

Қазталовта «Ашық әкімдік» шарасы жалғасуда

Қазталов ауданы Қараөзен, Талдыапан ауылдық округтерінде «Ашық әкімдік» шарасы өтті. Тұрғындардың сауалдарына аудан әкімі Абат Шыныбеков және мекеме-кәсіпорын басшылары жауап берді.

ашык (7)

Қос округте өткен «Ашық әкімдік» шарасында тұрғындар тұрғын үй мәселесі және кәсіп ашу, тұрғын үйге құрылыс материалдарынан көмек көрсету сияқты тағы басқа да сұрақтарға жауап алды. Шараға 19 тұрғын келді. Талдыапан ауылында өткен шарада Қуаныш Қалиев, Нұрғали Қабденов Бейістерек ауылына ауыз су қажет екенін айтып, әкімнің жауабын алды.

-Бейістерек ауылындағы ауыз су мәселесін білеміз. Бірақта ауыз суды күні бүгін тартып береміз деп айта алмаймыз. Тұрғындарды ауыз сусыз қалдырмаймыз. Бұны біржақты қылып шешеміз. Қолымыздан келгенше көмек көрсететін боламыз,-деді Абат Абайұлы.

Тұрарбек АҚМУРЗИН,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале