Бүгін, 13 шілде күні сағат 07:00-де Батыс Қазақстан облысы, Казталов аудан орталығында орналасқан Казталов мектеп-лицейіндегі №220 сайлау учаскесі салтанатты түрде ҚР Мемлекеттік Гимнін орындаумен ашылды. Осылайша Казталов ауылдық округі әкімін сайлау науқанының дауыс беру кезеңі ресми түрде басталды.

Алғашқылардың бірі болып сайлау учаскесіне келген Перизат Асқарқызы өз таңдауын жасап, белсенді азаматтық көзқарасын танытты. Алғашқы дауыс берушіге сайлау учаскесі тарапынан естелік сыйлық табысталды.

Қазіргі таңда сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді жүріп жатыр. Ауыл тұрғындары өз болашағына бейжай қарамай, сайлауға жоғары жауапкершілікпен қатысуда.
Жаңажолда да ауыл әкімі сайлауы басталды
Бүгін (13 шілде) Жаңажол ауылдық округіне қарасты №255, №256, №245 сайлау учаскелерінде Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің сайлауы таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалғаннан кейін алғашқы сайлаушылар өз таңдауын жасады. Сайлау учаскелерінің жұмыстары заң тұрғысында жалғасын табуда.
Гүлнұр Бөлешова
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы