27.04.2024, 11:23
Оқылды: 56

Казталовта ауыл тұрғындары абаттандыру жұмысына белсенді қатысуда

Аталарымыз «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деп бекер айтпаған. Жалпы Казталов ауданнда ауыл-аймақты абаттандыру, көркейту жұмыстары кең етек алып, тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

IMG20240427094125

Оның нақты көрінісі көшелердегі егілген талдарды күтіп баптау мақсатында салынып жатқан қоршаулар. Бүгінгі егілген тал, шыбықтар ертеңгі күні ауданымыздың келбетіне сән беріп тұратын саялы ағашқа айналып кетуі ел болып жасаған жұмысымыздың жемісі болмақ. Сондықтан тал егу үрдісіне әр ауылдар да үлестерін қосуда. Себебі бабалар еккен шынарды ертеңгі күні балалар үшін сая болмақ.

IMG20240427094222

Соның бір айғағындай жыл сайын сәуір айының үшінші сенбісінде елімізде Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні өткізіліп, елді мекендерде жасыл екпелер отырғызу жұмыстары жүргізіліп келеді. Аталған шараға табиғатқа жанашырлықпен қарайтын Казталов ауданы тұрғындары да зор ықыласпен атсалысуда.

IMG20240427094259

Казталов ауданы орталығындағы «Жеңіс» саябағына жиналған ауыл тұрғындарымен бірге Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов та тал егіп, ауданның абаттандыру жұмыстарына қатысты. Көпшілік ағаш отырғызуға ауыл ақсақалдар да өз үлестерін қосты.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале