10.06.2025, 23:00
Оқылды: 165

Казталовта «Болашақ» жазғы демалыс лагері ашылды

Кеше Казталов ауданында оқушылардың жазғы демалыс маусымының басталуына орай «Болашақ» жазғы демалыс лагерінің ашылу салтанаты өтті. Лагерьдің ашылу рәсіміне аудан әкімі орынбасары Серік Қайырлиев, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық білім беру бөлімі басшысы Самал Джангереева, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Жүсіп Шакуов, аудандық аналар кеңесі төрайымы Күнсұлу Шаканаева қатысты.

image-09-06-25-11-28-3

Мерекелік шара ҚР Мемлекеттік гимнімен ашылды.
2024-2025 оқу жылында «Болашақ» жазғы демалыс лагері 35 мектепте ұйымдастырылып, 7 ауысым бойынша жұмыс атқарып, 640 оқушыны қамтып отыр.
Атап айтар болсақ, І ауысым «Singing chick», ІІ ауысым « Қыл қалам құпиясы», ІІІ ауысым «Қиял әлемі», IV ауысым « Roboland», V ауысым «Жас турист», VІ ауысым «Ерекше білімді қажет ететін балалар», VІІ ауысым «Білімділер».

Аудан әкімі орынбасары Серік Ерболатұлы жазғы демалыс лагерін пайдалы да көңілді өткізуге тілек білдіріп, сәттілік тіледі.

Мерекелік бағдарламада балалар әуеле ән шырқап, мың бұрала билеп, өз өнерлерін көрсетті. Мұғалімдер балаларға алдағы уақытта өтетін қызықты шаралар мен демалыс бағдарламасымен таныстыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыратын түрлі үйірмелер, спорттық сайыстар, табиғат аясында серуендер өтетінін жеткізді.
Лагерьде демалатын оқушылар жаңа достар тауып қана қоймай, уақыттарын тиімді әрі көңілді өткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамыта алмақ.

Мейірім Парасат
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале