Биыл төрт түлік мал қыстаққа ерте тұрды. Қыстақ жайын білу үшін Қазталов аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпановпен хабарластық.
Бірік, Қараоба, Қошанкөл, Көктерек, Талдықұдық ауылдық округтеріне қарасты кейбір қыстақтарға жол болмауына байланысты техникалармен қардан тазалау жұмыстары жүруде. Даладағы қардың қалындығы 15-20 см және үстіне мұздақ тұрып, Қараоба, Қошанкөл ауылдық округтерінің жайылымдағы жылқыларына тебіндеуге қиындық туындап тұр. Тебіндеген кей жерлерде қардың астында шөп жоқ. Қараоба, Қошанкөл, Ордабай елді мекенінің тұрғындары жылқыларды қораға қайтарып алып, мал азығымен ұстауда. Ал бір қап жемнің орташа бағасы – 2500 теңге. Аудан орталығында 4 жерде, әр ауылдық округтің шаруашылықтарында жем сатылуда.
Ауданда қыстаққа байланысты арнайы штаб құрылды. Қауіп төнетін жағдай болған кезде халық аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің 32-0-66, 31-3-70 немесе 87774784672, 87055926615 нөміріне хабарласа алады.
Қайрат Жақып,
Қазталов ауданы
сурет Татьяна Жарких
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер