30.09.2024, 11:45
Оқылды: 206

Казталовта Кенжебек Меңдәлиевтің 110 жылдығы аталып өтті

Жалпақталда қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Кенжебек Меңдәлиевтің 110 жылдық мерейтойына арналып дүркіреп өткен дала қызықтарында жүзеге асырылған басқа да көптеген шаралармен бірге ұлттық спорт түрлеріне де кезек берілген болатын.

FF641216-350A-4993-81A5-64B6D26BBE07

Онда «бәйге» десе делебесі қозатын қазақы қызу қандылығымызға тән бір желпініп қалғанымызды несіне жасырайық. Қиқулаған ат бәйгесінің «Тай бәйге» жарысында жүйріктен жүйрік озып төмендегі шабандоздар Думан Айдынғали (Асылтұяқ) ІІІ орын, Бақтыгерей Аяпбергенов (Баян) ІІ орын, Құбайдолла Бейғазиев (Абадан) І орын алып жүлдегерлер қатарынан табылса, «Топ жарыста» Мұрат Қанаев (Көктерек) ІІІ орын, Нұрәли Тұрашев (Жұмыр тұяқ) ІІ орын, Бексұлтан Ибатов (Ақтаңгер) І орын, «Аламан бәйгеде» бабы мен бағы бірдей келіскен мына шабандоздар Сабырғали Қойшекенов (Қарақыз) ІІІ орын, Дархан Аябалиев (Патрон) ІІ орын, Бекжан Карабалин (Самұрық) І орын алып, аталмыш бәйгелердің тиісті жүлделерін қанжығаға байлады.

75DB6B3F-2B90-421C-A6F7-2B8FC8945816

Ал арқан тартыстан өткен жарыста ерлер командалары арасында жүлделі ІІІ орынды Көктерек-1 командасы иеленсе, ІІ орынды Бостандық, І орынды Ақсайдан келген Бөрлі ауданының командасы жеңіп алып, жарыс жеңімпазы танылса, әйелдер командалары арасында жүлделі ІІІ орынды Қараөзен, ІІ орынды Жалпақтал, І орынды Бостандық командалары өзара бөлісті.

Қазақша күрестен де «сен тұр, мен атайын» деген мықты палуандар бір-бірімен боз кілемде кездесіп, Бекайдар Меңдешев (Көктерек) ІІ орынды, Нұрымжан Ғаббасов (Сырым) І орын алып, жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Қыдыр Харсұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале