30.08.2025, 17:30
Оқылды: 525

Казталовта Конституция күніне орай велошеруден жарыс өтті

Кеше Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салауатты өмір салтын насихаттап, отансүйгіштік рухты көтеруге бағытталған дәстүрлі велошеру өтті.

image-30-08-25-12-05-1

Казталов ауданы орталығында белгіленген маршуртпен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Айбын» спорт клубының ұйымдастыруымен мекеме-кәсіпорындардың қолдауымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдық мерекесіне арналған велошеру өтуде. Спорт кешенінен бастау алған бұл шара 11 көше қамтылып, жалпы ұзақтығы 8 шақырым құрайды. Шараға әр түрлі салада қызмет ететін мемлекеттік қызметкерлер, жастар, спортшылар мен тұрғындар белсене қатысты.

image-30-08-25-12-05-3

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтап, бұл шараның маңыздылығына тоқталып, велошеруге қатысушыларға сәттілік тіледі.

Мерекелік велошеру ел рәміздерін желбіреткен жастар мен тұрғындардың шеруімен көріктене түсті.

Шара соңында аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы белсенділік танытқан қатысушыларға ерекше ризашылығын білдіріп, велошерудің көрігін қыздырған ең жас велошерушілер Мұхамедәли Ерболат пен Аманат Ерболатты, сондай-ақ өмірлік тәжірибелерімен жастарға үлгі болған ең ардагер велошерушілер Мұқанғали Бектілеуов, Абай Көшеғалиев және Майра Баймұханбетованы алғысхатпен естелік сыйлықтар табыстады.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале