Қысқы мал азығын дайындау науқаны – бүгінде күн тәртібіндегі басты мәселе десек қателеспеспіз. Оның үстіне тырмалап жинаған мал азығының да шығымы биыл тым төмен болды. Десек те, қайырымдылық жасауға келгенде алдына жан салмайтын жомарт жүректі жандар барда, ел еңсесінің төмен түспейтініне тағы бір мәрте куә болдық.
– Округімізге қарасты қолы ашық, жүрегі жомарт шаруалар «Дастан» шаруа қожалығы (жетекшісі Тұрар Татпанов), «Жайлау» шаруа қожалығы (жетекшісі Жасұлан Темірханов), «Жамали» шаруа қожалығы (жетекшісі Нәбіл Мұхамбетқалиев, «Жәңгір» шаруа қожалығы (жетекшісі Тұрарбек Алтынбекұлы елге қайырымдылық жасап, жергілікті әкімдік ұсынған жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың ауласына жеңіл бағамен шөп түсіріп берді, - дейді Қараөзен ауылдық округінің әкімі Нұрхат Булаев.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы