11.12.2024, 12:15
Оқылды: 295

Казталовта маңызды мәселелер талқыланды

Бүгін Казталов әкімдігінде аудандағы бірқатар маңызды мәселелерге қатысты әкімдік отырысы өтті. Оған Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов төрағалық жасап, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, салалық бөлім, мекеме басшылары қатысты.

IMG-20241211-WA0009

Жиынға қатысушыларға жаңадан сайланып, тағайындалған Тереңкөл ауылдық округінің әкімі Дәурен Ашихов пен Талдыапан ауылдық округінің әкімі Қайырлы Жұмағұлов таныстырылды.

Жиынның күн тәртібінде бірінші кезекте ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі көрсеткіштердің орындалуы, бюджет қаражатының игерілуі туралы мәселе талқыланды.

IMG-20241211-WA0008

Өзекті мәселе туралы аудандық қаржы және экономика бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Айнұр Мусина баяндады. Сонымен бірге, отырыста аудандық статистика басқармасының басшысы Әділбек Лұқпановтың Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөнінде хабарламасы тыңдалды.

Жиын барысында ауданымыз үшін маңызды 2025 жылдың І жартыжылдығына басылымдарға жазылу мәселесі талқыланды. Басылымға жазуы деңгейі туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Абешова талдап берді.

IMG-20241211-WA0013

Отырыста сөз алған аудан басшысы Асланбек Ахметоллаұлы күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстарды атқарып, жыл аяғына дейін оң нәтижеге қол жеткізуді тапсырды.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале