№2 Қазталов аудандық сотының төрағасы Азамат Борамбаев 2016 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.
Өткен жылдың 12 айында барлығы 199 арыз түскен. 2015 жылдың осы мерзімінде 162 арыз түскен болса, талап арыздардың саны 62 арызға (19%) көбейген. Бұл ретте барлық талап арыздар «Сот кабинеті» сервисі арқылы келгенін атап өтті сот төрағасы. Сонымен қатар 2016 жылы 32 қылмыстық, 196 азаматтық және 264 әкімшілік іс қаралған. Медиация тәртібімен 44 азаматтық, 5 қылмыстық, 22 әкімшілік іс қысқартылған.
Баспасөз мәслихатында Азамат Жұмаұлы сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға, еліміздегі сот жүйесінің тәуелсіздігі мен тиімділігіне кепіл берілуін нығайтуға және сот билігінің имиджін көтеруге бағытталған міндеттерді орындау үшін қажетті шаралар қолданылатындығын жеткізді.
Тұрарбек АҚМУРЗИН
Жалпақтал ауылы