11.06.2024, 17:00
Оқылды: 124

Казталовта медициналық пункт ашылды

Ауыл тұрғындарын сапалы медицинамен қамту мәселесі мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Бүгін Казталов ауданының Талдыапан ауылдық округіне қарасты Қайшақұдық елді мекенінде жаңадан салынған медициналық пункт ғимараты пайдалануға берілді.

1D885FCB-8F52-43C5-994B-F1A42A1E6C01

Заманауи үлгідегі, талапқа сай медициналық пункт ғимаратының бой көтеруі – Қайшақұдық елді мекені тұрғындарын зор қуанышқа бөледі. Бұл мемлекетіміздің ұлт денсаулығын жақсартуға, ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметтің қолжетімді болуына қосқан зор үлесі деп білеміз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:

«Медицина саласының негізгі міндеті – адамдардың өмір сүру ұзақтығын арттыру, азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту. Ол үшін кәсіби білікті кадр даярлау ісі мен профилактикалық жұмыс күшейтіледі, ауыл медицинасы қалпына келтіріледі. Әрбір қала, аудан орталығы, ірі ауылдарда сапалы медициналық көмек көрсетілетін болады. Бұл – Әділетті Қазақстанның маңызды басымдылығының бірі» деген болатын.

Ашылу салтанатына БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, мердігер компания өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

20240611124833_IMG_9761
Шарада облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы қайшақұдықтық ағайынды қуаныштарымен шын жүректен құттықтап, мемлекеттің ауылға деген осындай шынайы қамқорлығы алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін жеткізді.

Одан кейін сөз алған Казталов аудандық мәслихатының депутаты ауыл тұрғындарының өтінішін ескеріп, көптен бері сұранысқа ие болған соңғы үлгідегі медициналық пунктті салып берген облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау саласы басшыларына жергілікті тұрғындар атынан алғысын жеткізді.

– Жаңадан бой көтерген медициналық пунктте бір мезгілде біраз адамды қабылдау мүмкіндігі қарастырылған. Жаңадан бой көтерген медицина мекемесі қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Ендігі жерде жергілікті тұрғын халық ауылдан шықпай-ақ, алғашқы медициналық көмекке тікелей жүгіне алатын болады. Оны көпшілік қауым ұлт денсаулығын жақсартуға, азаматтардың сапалы медициналық қызметке қолжетімді болуы үшін жасалған мемлекетіміздің игі шарасы деп қабылдады, - деді аудандық мәслихат депутаты Дархан Аябалиев.

Шара барысында аудан өнерпаздары ән шашу жолдап, ауыл тұрғындарының қуанышын еселей түсті.

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале