5.06.2018, 11:22
Оқылды: 79

Қазталовтың мемқызметшілері сенбілікте 300 метр жаяулар жолын салды

Қазталов ауданының орталығы жылдан-жылға жасарып, көркейіп келе жатыр. Әсіресе, өткен жылдан бері ауылдың абаттандырылуына және тазалығына үлкен көңіл бөлінуде.


 

Қазталов ауылындағы Алма Оразбаева, Ихсанов, Қаби Жақып, Амангелді Иманов, тағы басқа көше тұрғындарының Алма Оразбаева мектебінде оқитын балалары лайсаң кезде мектепке жеткенше қиналатын. Біршама жерді айналып жүретін. Соның шешімі табылды.

Аудан әкімі Абат Абайұлының бастамасымен, мектепке тіке баратын жаяу жүргінші жолы жасалды. Айта кетерлігі, 300 метрге жуық жаяу жүргінші жолын мемлекеттік мекемелер ұжымдары сенбілікке шығып, өз күштерімен салды. Сенбілік мемлекеттік қызмет органдарына 20 жыл толуына арналды. Ал жолға қажетті материалдар үнемделген және пайдаланылудан қалған құрылыс материалдары есебінен жиналды. Осындай игі іске жаңа оқу жылына келген балалар да, олардың ата-аналары да қуанары сөзсіз.

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале