Кеше С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Өнерге қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері» төсбелгісінің иегері, Казталов ауданының құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Райса Ғаббасқызы Шынтемірованың 80 жас мерейтойына арналған «Өнермен өрілген өмір» атты ұлықтау кеші өтті.

Мерекелік шара Халықтық «Қарылғаш» би ансамблінің хореографиялық композициялық қойылымымен ашылып, көрерменді би әлеміне баурап әкетті.
Райса Ғаббасқызы — ән мен биді, тәрбие мен тағылымды өнер арқылы өрген тұлға. Ол өзінің алғашқы ұстаздары — қазақ биінің негізін қалаушы Шара Жиенқұлова, Мемлекеттік опера және балет театрының бас балетмейстері Дәурен Абиров, сондай-ақ Бақытжан Байқадамов, Өмірбек Байділдаев, Дүгенбай Ботбаев, Амина Бафина, Тен-Чу сынды әйгілі композиторлардан дәріс алған.
Алғашқы еңбек жолын Қызылорда облысының педагогикалық қызметінен бастады1969 жылы туған жеріне оралып, Алма Оразбаев атындаңы мектепте музыка пәнінің мұғалімі қызметінатқара жүріп, алғаш «Қарылғаш» би ансамблін құрды.
«Қарылғаш» би ансамблі облыс көлемінде ғана емес, республика бойынша КСРО-ға танымал тұңғыш балалар би ансамблі болып тарихта аты қалды.
Ансамбль 1970 жылы Алматы қаласында жас өнерпаздар байқауына қатысып, «Халықтық» атағына ие болды. 1973 жылы Эстония республикасының Таллин қаласында 16 республика, Чехия, Венгрия,Германия шет мемлекеттерімен бірге өнер көрсетіп, жеңімпаз атанды. Эстонияның мәдениет министрі ансамбль жетекшісі Райса Ғаббасқызын арнайы қабылдап, лауреат атағымен марапаттады.
Сол кезеңде «Қарылғаш» би ансамблі Одақ көлемінде үлкен сахналарды бағындырып, Мәскеу қаласында екі дүркін Бүкілодақтық өнер фестивалінде өнер көрсетіп, үлкен қошеметті иеленді. «Останкино» телкстудиясында деректі киножурналға түсіріліп, алтын қорға енгізілді. Сонымен қатар ансамбл туралы Эстонияның газетіне “Гости из далекого Казахстана” мақала жарықса, еліміздің “Мәдениет және тұрмыс” журналының арнайы тілшісі келіп, сұхбат жасап, мақала жариялайды.
Өнер жолындағы ерекше сәттерінің бірі - Алматы қаласында Даңқты мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың алдында өнер көрсетуі ансамбльдің шығармашылық жолындағы шабытты белесі болды.
Кеш барысында Райса Ғаббасқызының алғашқы шәкірттері сахнаға шығып, қазақ биін орындап, өткен күндерді еске алды.
Тараз Жауынбаевтың «Сүйемін қазағымның үш аруын» әні, «Қарылғаш» ансамблінің «Балалар» биі көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен бірге ансамбльдің «Аса таяқ» биі, Елжас Мағзомның «Айдай сұлу аруым» әні, Алтынбек Еркінұлының «Елге сапар» әні көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Өнер адамның жүрегінен қалған мәңгілік өрнек, уақытпен өшпейтің құнды қолтаңба деуге болады. Ансамблдің орындауындағы “Аса таяқ” биі, республикалық байқаулардың жеңімпазы Елжас Мағзомның орындауындағы “Айдай сұлу аруым” әні, Алтынбек Еркінұлының орындауындағы “Елге сапар” әні көрерменге ерекше әсер сыйлады.
Мерейтой қарсаңында Райса Ғаббасқызына арналған ғылыми-әдістемелік конференция өтіп, шәкірттерінен 36 баяндама жинақталды.
Сонымен бірге ұстаздың жаңа еңбегі – «Вокалды-хор өнерін дамытудың негізгі принциптері» атты кітабының тұсауы кесілді.
Мыңға жуық шәкірт тәрбиелеген ұстаздың жолын жалғап келе жатқан өнерлі түлектер бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етуде. Солардың бірі — бүгінгі таңда Казталов аудандық саз мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарып жүрген Жадыра Тілеубаева.
Кеш барысында шәкірттері Раушан Қуаншалиева, Жадыра Тілеубаева, Кәмшат Молдағалиева, Жанаргүл Сәренғалиева, Лариса Каримуллина, Ерлан Уаресов ұстаздарына жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Өмірбек Байділдайев орындауындағы “Туған ел” әні, І.Жақановтың орындауындағы “Еділ мен Жайық” әнін әуелете шырқады. Сонымен қатар Райса Ғаббасқызы мен шәкірті Раушан Қуаншалиеваның орындауындағы “Өмір-ай” әні ұстаз бен шәкірт арасындағы диалог болды.
Кеште аудан әкімінің орынбасары Рашид Иманғалиев құттықтау сөз сөйлеп, аудан әкімінің атынан құттықтау хатымен иығына шапан жауып, ақ жаулық тағып, жерлестері атынан тұлпар мінгізді. Еңбек ардагері Уәлиолла Әбішев те ақ тілегін арнады.
Кеш соңында Раушан Шынтемірова орындаған «Сағым жылдар» әнімен түйінделіп, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы