«Шекараны бүкіл халық күзетеді» патриоттық акциясы аясында жергілікті тұрғындарға түсіндіру мақсатында «Қосөзен» шекара бөлімшесінің лейтенанты Ақылтай Мақатай, ефрейтор Мерей Мұқатов, Самғат Алмасов, кіші сержант Оралхан Тілекқалиев, қатардағы Есен Надиров, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева, аудандық кәсіпкерлік палатасының басшысы Аманжол Нығметов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Ержалғас Ишанов, аудандық жастармен жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұқанғали Бектілеуовпен бірге жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО департаментінің офицерлерімен ұйымдастырылды.
Акцияның негізгі мақсаты – шекара шебіне жақын орналасқан ауылдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың қырағылығын арттыру.
Акция аясында жол бойында орналасқан «Нефтек» және «Москивичи» жанар-жағармай құю станциялары, «Сымбат» және «Алтын Орда» тамақтану орны, «Жаңатал» қонақ үйі, «Сандық» супермаркеті, азық-түлік дүкендерінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Шекара қызметкерлері шекаралық аймақта азаматтардың мінез-құлық ережелерін түсіндіріп, қандай да бір күдікті адамдар байқалса, дереу шекара қызметіне хабарлап, немқұрайлық танытпай бірден айтуларын сұрады.
Сонымен қатар «Айсұлтан» және «Мүслім» шаруа қожалықтарында болып, мемлекеттік шекарада бейтаныс адамдарды көріп қалған кездегі іс-әрекеттер, шекара қызметімен байланыс жасау тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы