11.07.2026, 9:30
Оқылды: 5

Қазталовта театр майталманы Тельман Имашевтің 70 жылдығы атап өтілді

Қазталов ауылында қазақ театр өнерінің көрнекті өкілі, сахна шебері Тельман Имашевтің туғанына 70 жыл толуына орай еске алу шаралары өтті.

image-11-07-26-02-30-11

Мерейтой аясында аудан жұртшылығы өнер иесінің рухына тағзым етіп, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Хадиша Бөкеева мен Қазақ КСР-ының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Сағит Садықовтың кеудетұғырларына гүл шоқтарын қойды.

image-11-07-26-02-30

Салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының актрисасы, Қазақстанның халық әртісі Гүлнар Жақыпова, сондай-ақ Т. Имашевтің туған-туыстары мен мәдениет ардагерлері қатысты.

image-11-07-26-02-30-6

Жиналған қауым қазақ театр өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан жерлестерін еске алып, оның шығармашылық жолының маңыздылығына тоқталды. Шара барысында Тельман Имашевтің ұстазы Хадиша Бөкеева мен өлке мәдениетіне зор еңбек сіңірген Сағит Садықовтың ұлттық өнер мен руханияттағы орны ерекше екені айтылды.

image-11-07-26-02-30-1 image-11-07-26-02-30-9

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қатысушылар аудандық мәдениет үйінің фойесінде арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Көрмеге өнер майталманының өмірі мен шығармашылық мұрасынан сыр шертетін құнды жәдігерлер мен фотоматериалдар қойылды.

Ернәсіл Рысқалиев.

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале