20 қаңтар күні Казталов ауданының орталығында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тестілеу сынақтары 20, 21, 22 қаңтар күндері өтетін болады. Биыл аудан бойынша 302 мектеп бітіруші түлек болса, тестілеуге 274 оқушы қатысады деп күтілуде.
Биылғы тестілеу сынақтарының ерекшелігі біріншіден, ақылы түрде ұйымдастырылған. Сонымен бірге тестілеу сұрақтары ішіндегі өзгеріс.
Оның ішінде оқу сауаттылығынан 20 сұрақ өзгермей қалған болса, Қазақстан тарихы мен математика пәндерінен 15 сұрақтан қысқартылған. Осы пәндерден қысқартылған 5 сұрақтан бейімдік пәндерге қосылып, оқушыға толықтай 45 балл жинауға мүмкіндік туып отырғандығын айтады, - тестілеу орталығының мамандары.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz