3.10.2024, 17:00
Оқылды: 24

Казталовта ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұстаз – ұлағатты да қастерлі сөз. Себебі алдына келген кішкентай шәкіртінің жүрегінен орын алып, білім нәрін себетін ұлы тұлға. Қай заманда болмасын ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келеді. Сондықтан болар дана халқымыз ұрпағына «Ұстаздан тәрбие алған», «Қарымды ұстазы мен тағылымды ұланы тең елдің бағы да баянды» деп айта отырып, адам өмірінде мәңгілік із қалдырған ұстаздардың мәртебесін биік көтеріп отырған.
image-03-10-24-03-18-1
Бүгін Казталов аудандық мәдениет үйінде  Ұстаздар күні мерекесіне арналған «Ұстаз мәртебесі – ел мерейі» атты салтанатты мерекелік шара өтті. Шарада ең алдымен келген қонақтар мен ардагер ұстаздарға «Роботехника» үйірме жетекшілерінің «Жасанды интеллект» атты көрмесі таныстырылды.
Білімді ұрпақ – біздің басты құндылығымыз.  Бала қауіпсіздігі – басты назардарда. Техникалық базалардың жаңартылуы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында ізгі істер жүзеге асырылып, ұлттық адами құндылықтарға негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Ұстаздар қауымына 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша кино көрсетілді.
image-03-10-24-03-18-3
Аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев:
– Құрметті ұстаздар сіздерді айтулы кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы ұстаз А.Байтұрсынұлы: «Біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек» дегеніндей, ең алдымен – «ұстаз», ол қадірлі маман, ал ұстаз болу – қастерлі міндет» деп айтып кеткен болатын. Ұстаз – білім мен ғылымға жетудің ең асыл кілті. Өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие және озық білім беру өте маңызды міндет. Сондықтан ұстаздар қауымына зор міндет жүктелетіні анық. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2019 жылы «Педагог мәртебесі» туралы жеке заң қабылданды. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие берген, адамгершілік қасиеттерді бойына дарытып, рухани бағыт беруде ұстаздың рөлі ерекше. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, амандық, істеріңізге береке тілеймін, - деді құттықтау сөзінде.
image-03-10-24-03-18
Аудан әкімінің орынбасары Серік Ерболатұлы шәкірттер санасына сәуле шашып, жас ұрпақтың өнегелі, білімді болып қалыптасуына аянбай етіп жүрген ұстаздарымызға алғысхат пен гүл шоқтарын табыстады. Гүлбаршын Молдашеваға «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгіні табыс етті.
Жас ұрпақ тәрбиелеуде заман талабына сай білім беріп, еңбекте озат-тәжірибелі ұстаздарымыз аудандық білім беру бөлімінің «Құрмет тақтасынан» орын алды.
Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.
Мерекеде құрметке бөленген ұстаздардың көңіл-күйлері көтеріліп, еңбектерінің еленгендеріне ризашылықтарын білдірді.
Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале