9.06.2024, 10:30
Оқылды: 102

Казталовта жол жөндеу жұмыстары басталды

Талдыапан ауылдық округінде біраз өзекті мәселелер шешімін тауып, халықтың әл-ауқатын көтеретін ауыз су, көгілдір отынмен қамту жұмыстары толығымен аяқталған болатын. Ендігі кезектегі мәселе – қатқыл табанды жол салу. Бұл мәселе де оңынан шешіліп, биылғы жылы Казталов ауданының Талдыапан ауылының кіреберіс 9-20 шақырым жолды орташа жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 1,1 млрд қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

FB_IMG_1717852462976

Жолға жауапты мердігер болып «НұрҚұрылыс-80» ЖШС анықталды. Қазіргі күнде мердігер мекеме жолға қажетті инертті материалдардың (қиыршық тас, құм-гравий қоспасы) ақпан, наурыз, сәуір айларында тасымалдауын қамтамасыз етіп, жолдың төменгі негізін дайындау жұмыстарын жүргізуде.

FB_IMG_1717852449137

Тапсырыс беруші аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі және техникалық қадағалаушы «Стройсервис КНК» ЖШС тараптарынан құрылыс жұмыстарының сапасы үнемі бақылануда.

Аталған жол құрылысы толығымен биылғы жылдың тамыз айында аяқталмақ.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале