5.03.2020, 17:23
Оқылды: 59

Казталовта жолаушыларға арналған жаңа кафе ашылды

 Казталов ауданында да кәсібін ашамын деген әрбір азаматқа қолдау бар. Соның нәтижесінде кәсіпкерлердің қатары жыл санап артып келеді. Өз кәсібінің нәсібін көргендердің бірі – Малаевтар әулеті.

zholaushy (4)

Отағасы Нұрлан ағамыз әкеден қалған атакәсіп - төрт түлік мал өсірумен айналысса, отанасы Мәншүк апамыз оның өнімімен   казталовтық ағайынды қамтып отыр. Іс тетігін ерте тапқан  Малаевтар әулеті осыдан біраз жыл бұрын азық-түлік дүкенімен қоса, жол бойынан шағын асхана да ашқан-ды. Енді, міне, ата-анасынан тәлім алған кіші ұлдары Абат күре жолдың бойынан үлкен асхана салып, халық игілігіне беріп отыр. Халықаралық  әйелдер мерекесі қарсаңында, яғни бүгін ашылған жаңа нысанның қуанышына ортақтаса келген Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев Малаевтар отбасына өз ризашылығын білдіріп, жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады. Ал өз кезегінде Нұрлан Малаев қолдау білдірген ауданның барлық азаматтарына алғысын білдіріп, отбасы атынан аз қамтылған және көпбалалы 5 жанұяға арнайы сыйлық тарту етті.

zholaushy (2)

Айта кетелік, аудан орталығынан орын тепкен бұл жаңа нысанға «Сымбат» атауы берілді. Жаңа асханада бірден 40 адамды қабылдауға мүмкіндік болса, жолаушылар тынығуға арналған 9 орындық  бөлме тағы бар. Әрі ғимарат іші заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Қайрат Жақып

Казталов ауданы

 zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале