23.08.2026, 11:06
Оқылды: 20

Казталов ауданындағы байқаушы: Құрылтай сайлауы заң талаптарына сәйкес өтуде

image-23-08-26-10-41
-Бүгінгі Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау учаскесіне байқаушы есебінде тіркеліп, Жалпақтал ауылындағы №253 сайлау учаскесіне «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалынан бақылау жүргізіп отырмын. Учаскеде барлық қажетті талаптар сақталған. Дауыс беруге арналған жәшіктер заңға сәйкес орнатылған, сайлау барысы ашық өтуде. Қазіргі сағатқа дейін ешқандай құқықбұзушылық нәтижесі тіркелген жоқ. Сайлаушылардың сайлау жайлы толық құлақтанғаны бірден байқалады. Олар сайлау учаскесіне келіп, төл құжаттарын көрсету арқылы өз таңдауларын жасауда, - дейді байқаушы Альфия Ибрашева.
Қыдыр Харесұлы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале