3.07.2023, 15:15
Оқылды: 23

Казталовтан 33 азамат әскерге аттанды

Елімізде жылдың наурыз-шілде және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жүргізіледі. Бүгінде Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ауданға берілген жүктемесі толықтай орындалып, Казталов ауданынан 33 азамат отан алдындағы борышын өтемек.

ЖП корганыс

 Олар Казталов (9 адам), Қошанкөл (4 адам), Бірік (3 адам), Қараөзен (3 адам), Жалпақтал (2 адам), Бостандық (2 адам), Қарасу (2 адам), Қараоба (1 адам), Көктерек (1 адам), Қайыңды (1 адам), Талдықұдық (1 адам), Болашақ (1 адам), Жаңажол (1 адам), Талдыапан (1) ауылдық округтерінің жастары.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, Казталов ауданынан ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – екі азамат, ҚР ҚМ Қарулы Күштеріне – он үш азамат, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланына – он сегіз азамат жіберілген.

Соңғы уақыттары түрлі себептермен әскери борышын өтеуден бастартып жатқан азаматтар бар. Дегенмен ауданымызда аудан әкім жанындағы осы мақсатта құрылған арнайы комиссия мен Казталов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тарапынан әскерге жарамды азаматтармен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатар мәселе комиссия отырысында талқыланды.

Бірлескен жұмыс өзінің нәтижесін көрсетіп, ел тыныштығын қорғайтын жастар қатары артып келеді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале