6.10.2024, 14:27
Оқылды: 122

Казталовтық 18 жастағы Ғаламат Рысқалиев алғашқы рет таңдау жасады

Казталов ауылының жас тұрғыны Ғаламат Рысқалиев алғашқы рет дауыс берді. Ол бүгін аудан орталығында №220 учаскелік референдумға келіп, алғашқы рет өзінің саяси таңдауын жасады. 

InShot_20241006_142614881

- 3 ай бұрын 18 жасқа толдым. Сондықтан азаматтық борышым деп таңдау жасауға келдім. Мен өзім қатарлы замандастарымды дұрыс таңдау жасап, дауыс беруге шақырамын, - деді Ғаламат.

Сайлау учаскесінің мүшелері сайлауда алғашқы таңдау жасаған Ғаламатқа естелік сыйлық ұсынды.

Гүлнұр Бөлешова 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале