Казталов ауданы орталығына жоғарыдан келген ағын су Сарыөзен арқылы толассыз келуде. Ауыл азаматтары үш күн бойы су басу қаупі бар осал жерлерді бекітіп жатыр.
Жұмыстар басында ауыл ақсақалдары да бірге жүр. Ақсақалдар өзен арнасынан келетін жыра, каналдардың басына барып, тасқын судың алдын алуға қатысты ақыл-кеңестерін айтты.
Ағын су Сарыөзен арнасынан шығып, Солдат көлі арқылы ауылдың кіреберіс маңына жақындап қалды. Судың ағыны күшті болып тұр. Ауыл ақсақалдары өзен жағалап, қарап шығуды ұсынды. Олардың айтуынша, Сарыөзеннің бұрылыстарында кептеліп қалған мұз сеңдері болса, кептелістерді жою керек.
Қайрат Жақып,
Казталов ауданы