23.08.2026, 9:24
Оқылды: 16

Казталовтық азамат елу жасын елдік таңдаумен атап өтті

Бүгінгі күн Бостандық ауылының тұрғыны Ғұсман Жұмағазиев үшін де ерекше мәнге ие. Себебі бүгін ол өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде. 
image-23-08-26-09-14
Мерейлі жасқа қадам басқан Ғұсман Хасанұлы туған күнін елдік таңдаумен сабақтастырып, сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындады. Мерейтой күнінде ел болашағына қатысты таңдау жасау мерейлі күннің мәнін одан әрі арттыра түскендей.
— Бүгін мен үшін қос қуаныш тоғысқан ерекше күн. Елу жасқа толып, мерейтойымды атап өтудемін. Осы айтулы күні елдің болашағы үшін өз таңдауымды жасағаныма қуаныштымын. Әр азаматтың дауысы маңызды деп ойлаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, келер ұрпақтың болашағы жарқын болсын!, – дейді Ғұсман Хасанұлы.
Жайна Қабиболла
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале