2.10.2025, 12:15
Оқылды: 53

Казталовтық қарияларға құрмет көрсетілді

Халықаралық қариялар күніне орай Жалпақтал ауылдық округі әкімдігі мен «Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

IMG-20251001-WA0031 (1)

Шараға бір топ еңбек ардагері мен ауылдың зиялы қауымы атанған құрметті қариялары арнайы шақырылып ұрпақтары атынан үлкен ілтипат көрсетілді.
Қариялар – елдің асыл қазынасы. Халықаралық деңгейде тойланатын ардагер аға-апаларымыздың төл мерекесі құтты болсын!
Ортамызда жүрген қарияларымыздың өз кезегінде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері жас ұрпақтың жүрегінен ерекше орын алады. Бүгінгі таңда мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріліп, үкімет тарапынан зор қамқорлықтар жасалуда.
Қазақстанның өсіп - өркендеуіне өз үлестерін қосқан аяулы қариялардың арқасында біздің ұрпақ еркін елде жарқын өмір сүріп жатыр. Ардагер аға-апалардың өмір жолдары келешек ұрпаққа таусылмас қазына.
Мерекелі басқосуда Жалпақтал ауылының әкімі Ғаділбек Әлібеков, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлнәр Сапахова және шақырулы ардагерлер сөз сөйлеп, өнерпаз өрендер ән-күйден шашу шашты.

Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале