Кеше ғана өткен педагогтердің шығармашылығы мен өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Педагогикалық идеялар фестивалі» облыстық конкурсының жеңімпазы, «Білім беру жүйесіндегі менеджмент» бағыты бойынша Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Ержан Құмарғалиев жеңімпаз атанып, жүлделі І орынды қанжығаға байлады.

Осылайша облыстық фестиваль қорытындысы бойынша жүлдегер атанған Ержан Хабиболлаұлы Республикаға жолдама алды.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы