16.04.2025, 11:15
Оқылды: 183

Казталовтық оқушы еліміздегі ЖОО грантының иегері атанды

Казталов ауданы мектептерінің түлектері арасынан «Алтын белгі» иегерлері қатарынан үміткер ретінде тіркелген Айкүн Серікқалиқызы - Ғинаят Молдашев мектебінің бүгінгі мақтанышы. Оның білім мен ғылымға деген тынымсыз ізденісінің нәтижесі — халықаралық дәрежедегі байқауда жарқын жеңіске  жол ашты.

IMG-20250416-WA0017

- Серікқалиқызы Айкүн кеше ғана елімізде өткен – Халықаралық ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанып, еліміздің маңдайалды оқу ордасы — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорлық грант иегеріне қол жеткізді. Хәкім Абайдың «Білімдіге дүние жарық» деген сөзі дәл осындай ізденісі мол, білімпаз жастарға арналып айтылғандай. Айкүннің бұл жеңісі – мектебіміз үшін үлкен мәртебе, шәкірттерімізге шабыт, ұстаздар қауымына зор қуаныш. Оның Қазақстанның үздік университетінен білім алуға мүмкіндік иеленуі – білімге ұмтылар табандылығының, талпынысының, биік арманға деген сенімінің жарқын айғағы. Бұл жетістікке жету жолында Айкүннің бойындағы білімге құштарлықты оятып, бағыт-бағдар берген жетекшісі, ұлағатты ұстаз Ақсамал Жұмажанқызының еңбегі де өлшеусіз. Жеңісті күндеріміз көп болсын, - дейді Ғинаят Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Мәншүк Ізбасарқызы.

IMG-20250416-WA0010
Ел ордасы Астанадан асқақ арманын арқалап келген Айкүнді алтын ұя мектебі ыстық ықыласпен, зор қуанышпен қарсы алды. Оқушылар мен ұстаздардың жүзіндегі мақтаныш сезімі – бұл жеңістің шынайы бағасы! Жарайсың, Айкүн! Сенің табысың — еліміздің ертеңі жарқын боларының кепілі!

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

IMG-20250416-WA0021

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале