27.06.2017, 12:49
Оқылды: 20

Қазталовтық отбасыға көмек көрсетілді

kaztalovАйт мейрамы қарсаңында қазталовтық Жақсылық Алмурзиннің отбасы қуанышқа кенелді. Жастайынан мүгедек Жақсылық пен Гүлмира тұрған үйлерінің тарлығынан (ата-ана, аға-жеңгелерімен бірге тұрған) қиындықтар көріп жүреді.


Осы жағдайға байланысты өткен жылы өз күштерімен үй салуды бастаған болатын. Алайда қаржы қиындығынан үйдің құрылысы баяу жүрді. Құрылыс материалдарын сатып алуда да  қиындықтар  кездесті.

Осы жағдайды көзімен көрген аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова бұл отбасына қолдау көрсетті. Белгілі Беғалиевтер ансамблінің белді мүшесі Арманға жолықты. Қандай да қайырымдылық істерге құлшына қол созатын Арман Алмурзиндер салып жатқан үйге пластик терезе алып берді. Сондай-ақ Зәйлім Исатайқызы Оралға барған іссапарында өңіріміздің белгілі кәсіпкері Біржан Қожақовқа да жолығып, осы жандарға демеушілік көрсету жөнінде әңгімелескен болатын. Қол-аяқтары балғадай қалталы азаматтар жасай алмай жүрген істі жасап, көпке үлгі болып жүрген Біржан Морякұлы Жақсылықтың  асхана бөлмесінің бүкіл жиһаздарын жасап беруді мойнына алды. Міне, қайырымдылық, жылы жүрек деген осы емес пе?kaztalov 1

Жаңадан салынып жатқан үйге қайырымдылық көрсеткен шараның басы-қасында болғанда Жақсылық пен Гүлмира осындай қайырымдылық істі қолға алған Зәйлім Исатайқызы мен Арман Маратұлына айтар алғысын тілмен жеткізе алмаса да, жүрегімен жеткізіп тұрғанын ұғындық.

Қайрат ЖАҚЫП,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале