Казталов ауданы, Қараоба ауылындағы №223 референдум учаскесінде Нұрлығали Дүйсеков отбасы келіп, өз таңдауын жасап, азаматтық борышын орындады. Отбасы мүшелері маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын көрсетті. Дүйсековтер отбасының айтуынша, референдум – әрбір азаматтың өз пікірін білдіріп, мемлекет дамуына үлес қосатын маңызды мүмкіндік. Сондықтан олар отбасымен бірге келіп дауыс беруді азаматтық жауапкершілік деп санайды.

Аталған учаскеде дауыс беру процесі барлық заң талаптарына сай, ашық әрі ұйымдасқан түрде өтуде. Тұрғындар белсенді түрде келіп, өз таңдауларын жасап, ел тағдырына қатысты маңызды сәтте азаматтық ұстанымдарын білдіруде.
Мұндай отбасылық үлгі қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті нығайтып, кейінгі буынға жақсы өнеге болары сөзсіз.
Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы,