Казталов ауданына қарасты Қараөзен ауылындағы мектеп лицейінің түлегі, жас палуан Бақтияр Қадырғалиев Қазақстан Республикасының грек-рим күресі чемпионатына БҚО құрама командасының сапында облысымыздың намысын қорғайтын болады.

Жас палуанның айтулы додоға қатысуына аудандық мәслихат депутаты, спорт жанашыры Нұрлыбай Жолдыбаев демеушілік көрсетті. Бақтиярдың бапкерлері - Ғалиев Қанат пен Мағзом Оразаев. Бақтияр палуанымыз қатысатын ел чемпионаты Алматы қаласында 22-30 қараша аралығында өтеді.

Қыдыр Харесұлы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz