Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімі Мұрат Өмірәлиев Шыңғырлау ауылының тұрғыны, еңбек ардагері, көпбалалы ана Зифарзат Душаханованы 95 жасымен құттықтады.
Зифарзат Душаханова 1928 жылы 15 тамызда РФ Астрахань облысына қарасты Баскунчак ауылында шаруа отбасында дүниеге келген. Жастайынан еңбекке ерте араласып, зейнет жасына жеткенге дейін біраз салада қызмет атқарған. Бүгінде алты ұл-қызынан тараған немере, шөберелерінің аялуы әжесі.
Кейуана әлі де тың, өткен өмірінен ғибрат болатын жәйттарды еске түсіріп, өзін құттықтай келген аудан басшысына аналық ризашылығын білдіріп, бата берді.
Гүлім Шынтас,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz