5.08.2021, 12:16
Оқылды: 42

Кеңесіп пішкен тон келте болмайды

Тұрғындардың өз қалауын еркін білдіру нысаны болып табылатын жергілікті қоғамдастық өкілдерінің маңызы күн санап артып келеді. Осы күні әр ауылда құрылған қоғамдастық мүшелері елді мекеннің не округтің дамуына өз үлестерін қоса алады.

егіндібұлақ (1)

Елмен тіл табысып, тұрғындардың мұң-мұқтажын білгісі келген ауыл әкімдері ауылдың белсенді азаматтарынан құрылған қоғамдастық жиындарын өткізіп, тұрғындармен ақылдасады.

Ауылды гүлдендірсем, елге пайдамды тигізсем дейтін Бәйтерек ауданы Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Ринат Ескендіров жергілікті қоғамдастық мүшелерімен кездесу өткізді.

егіндібұлақ (4)

Округті толғандырған мәселелерді талқыға салған ауылнай мен тұрғындар алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды пысықтап, пікір алмасты. Сондай-ақ қоғамдастық мүшелері күрделі жөндеуден өтіп жатқан ауылдық клубқа барып, құрылыс қарқынын көрді.

– Кеңесіп пішкен тон келте болмайды. Ауылда осы жерде туып-өскен тұрғындар бар. Олардың ақыл-кеңесі ешқашан артық етпейді. Қоғамдастыққа мүше тұрғындардың барлығы ауылдың болашағы үшін алаңдайтын азаматтар. Бірлескен жұмысымыз жемісті болады деген сенім бар, – дейді Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Р.Ескендіров.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале