Бүгін «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының Саяси кеңес Бюросының отырысы өткізілді. Бюро отырысына филиал төрағасы, аудан әкімі Т.Төреғалиев төрағалық етті. Бюроның күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы «Сырым аудандық филиалының кезекті ХХХ есеп беру-сайлау конференциясын шақыру және күн тәртібін бекіту туралы», сонымен қатар «Nur Otan» партиясы «Сырым аудандық филиалы жанындағы партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша құрылған қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдарын бекіту туралы» мәселелер қаралды.
«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалының кезекті ХХХ есеп беру-сайлау конференциясы ағымдағы жылдың 28 сәуір күні сағат 16.00-ге шақырылып, конференцияның күн тәртібі бекітіліп, офлайн форматында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өткізу жөнінде бекітілді. Күн тәртібіндегі екінші мәселе партия филиалы жанындағы жаңадан құрылған қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамдары, бюро мүшелерінің кейбір ұсыныстарымен толықтырылып, бекітілді.
Отырысты қорытындылаған Төлеген Серікқалиұлы партия филиалы жанынан құрылған қоғамдық кеңестер партияның алға қойған міндеттерін, сайлауалды бағдарламаның бағыттары бойынша тапсырмалардың орындалуына мүдделі екендігіне тоқталып, кеңестердің жұмысын ашық жария түрде жүргізу керектігін атап өтті.
Талғат Дарғожиев,
«Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары