18.02.2022, 9:30
Оқылды: 54

Керемет сыйлық!

Сыйлық... Ол бір адамның екінші адамға деген шынайы ықылас-ниеті. Сондай ықыластың бірі – кіндік  атамның жаңажылдық сыйлығы. Ол қандай сыйлық десеңізші!

C3224F7D-9F9B-4C21-80D4-F4BA921EC657

Бұл сыйлықты көрген кезде қуанышым қойныма сыймай, қатты қуандым. Көптен арман болған, әп-әдемі екі ақ қоян. Сол күннен бастап қояндарды бағып-күтуді өз қолыма алдым. Ата-анама айтып, қояндарыма  арнап сәбіз, орамжапырақ, жем-шөп  алғыздым.

Қояндар алғашқы күндері қорқып, үркитін еді, қазір әбден үйреніп қалды. Қояндардың тамақ ішкенін, тіршілігін тамашалап жүрмін.

Міне, достар өзіңнің армандаған сыйлығыңды алған қандай керемет! Кіндік атам мен анамның сыйлығын ешқашан ұмытпаймын. Оларға алғысым шексіз!

Жансая Сәрсенғали,

2-сынып оқушысы,

Өркен ауылы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале