12.02.2021, 11:25
Оқылды: 66

Кеш сазгер шығармашылығына арналды

Ауыл оқырмандарына рухани азық сыйлау, жаңа шыққан кітаптармен таныстыру, белгілі тұлғаларлың өмірлері насихаттау мақсатында Шыңғырлау ауданына қарасты Ақшат ауылдық кітапханасы ізденіспен жұмыс істеуде. Кітапханаға келетін ауыл тұрғындарының арасында жас оқырмандардың көптігі де бізді сүйсіндіріп, жұмысымызға жаңа серпіліс беріп келе жатқандығы рас.

кееш

Жуырда ауылдық кітапханада елімізге белгілі композитор, халыққа кеңінен таралған бірталай әндердің авторы Кеңес Дүйсекеевтың туғанына 75 жыл толуына орай "Сұлу саздың зергері" атты музыкалық кеш өтті.

Шараның мақсаты – оқырмандар арасында Кеңес Дүйсекеевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, дарынды тұлғаларымызды құрметтеуге және өнерін қастерлеуге, тәрбиелеуге үйрету.

Кеш барысында кітапханашы композитор Кеңес Дүйсекеевтің өмірбаяны туралы және әсем әуендері жайлы сыр шертті. Кітапхана оқырманы Кенжебек Мұсағалиевт сазгердің  "Өкінбе сен" атты әнін орындап, тыңдарман көңілінен шықты.

                                                         Нұргүл Араппаева,

кітапханашы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале