18.08.2021, 15:42
Оқылды: 111

Кешенді оқу-жаттығу жиыны өтті

Жуырда Тасқала ауданы әкімдігінің ғимаратында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында кешенді оқу-жаттығуды дайындау мен өткізуге арналған жиын өткізілді.

к1

Жынға Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы, подполковник Талғат Сисенғалиев пен ауданымызда төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссия мүшелері қатысты. Кеңесті аудан әкімінің міндетін атқарушы Аян Халауедин ашып, жалпы аудан аумағында өтетін жаттығу жұмыстарының маңыздылығына тоқталды.

к2

– Облыс әкімінің өкімімен бекітілген басқару құрылымдарын, азаматтық қорғау күштерін және халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес Азаматтық қорғаныс бастығының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №306-ө «Батыс Қазақстан облысының басқару құрылымдарын, азаматтық қорғау күштерін және халқын 2021 жылға арналған төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға даярлауды ұйымдастыру туралы», сондай-ақ ағымдағы жылғы 5-6 тамыз кезеңінде Тасқала ауданының аумағында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардабын жою кезінде құтқару және өзге де кезек күттірмейтін жұмыстарды дайындау мен жүргізу» тақырыбында кешенді оқу- жаттығу өтетін болады. Осыған орай оқу-жаттығуға қатысатын мекемелерді барынша белсенділік танытуғашақырамын, - деді подполовник Талғат Сисенғалиев.

к3

Алдымен кешенді оқу-жаттығу штабы мен аудан әкімі аппаратының жедел тобының, арнаулы қызметтердің жұмысын тексеруден басталды. Одан кейін оқу-жаттығығу тәжірибе әрекеттеріне ұштасып, адам көп жиналатын Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ-де жалғасын тапты. Бұл жерде аудандағы арнаулы қызметкерлер №15 өрт сөндіру бөлімі, жедел жәрдем қызметкерлері, электр торабы және аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірлесіп ғимаратта эвакуациялық іс-шаралар өткізді. Кейін қатты желдің салдарынан Тасқала ауылы С.Жақсығұлов көшесіндегі қысқа тұйықталу орын алды деген оқу- жаттығу хабары келді. Соның салдарынан 125 абонент электр энергиясынсыз қалды. Бұл жерге жеткен ТЖ бөлімі қызметкерлері мен электр желілері мекемесі қызметкерлері оқиға орнына тез арада жетіп, мәселені шешіп, жазатайым оқиға бола қалған жағдайда барлығына дайын екендіктерін көрсетті.

к4

Күдіктің күші жойылды Одан әрі Первомайская аудан орталығындағы №32 жеке тұрғын үйдің ауласында ірі қара малда «сібір» жарасына күдік белгілері бар деген ақпарат келіп түсті. Ветстанция қызметтері жедел шақыртуға шығып, күдікті жануарды тексеріп, термометрия, мәжбүрлі дезинфекция және күйдіргіге қарсы вакцинация жүргізді. Жануар иесіне жануардыбасқа мал басынан оқшаулау керектігі түсіндірілді. Және бақылау кезеңінде жануарға қолжетімділікті шектеулер қажеттігі туралы айтылды. Келесі кезекте Тасқала ауылынан 3 шақырымдық республикалық маңызы бар Тасқала – Саратов автожолында қозғалтқыштың қысқа тұйықталуы нәтижесінде «ВАЗ-2114» жеңіл автокөлігінде өрт шығып, көлік жүргізушісі термиялық күйік алды деген оқу-жаттығу хабары келіп жетті. Оқиға орнына келіп жеткен аудандық ішік істер бөлімі қызметкерлері оқиға орынын қоршап, өз жұымыстарына кірісіп кетті. Медицина қызметкері алғашқы көмегін көрсетсе, №15 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері отқа оранған автокөлікті жалыннан тез арада арашалап алды.

Апат айтып келмейді Жағдай енді тұрақталып еді, араға бір сағат салып, Тасқала ауылынан 2 шақырым қашықтықтағы Тасқала – Аққурай облыстық маңызы бар автожолында автоцистернаның аударылуы нәтижесінде 60 шаршы метр алаңда хлор төгіліп, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды деген хабар келіп түсті. Бұл жерге СЭС, ішкі істер бөлімі, медицина және ТЖ қызметкерлері келді. Алдымен өз жұымысын бастаған аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы апатты жою үшін 1 бірлік техника мен тыныс алу органдарын қорғау құралдарымен жабдықталған костюмдерге екі маман жұмылдырылды. Апат болған жерде, жел

бағытын ескере отырып, хлордың төгілу орнын анықтағаннан кейін ГАНК-4 аппаратымен хлор буының өлшемдері жүргізілді, хлор құрамының концентрациясына топырақ сынамасы алынды. Зерттеу нәтижелері бойынша талдауларды жинағаннан кейін ауадағы хлордың концентрациясы шамалы асып кететіні анықталды. Желді ауа райын ескере отырып, қоршау радиусы 500 м құрады. Одан әрі іс-қимылдар төтенше жағдайлар және медицина қызметкерлеріне берілді. Сонымен қатар Тасқала ауданында аптап ыстықтың салдарынан құрғақшылық орын алып, жем-шөптің тапшылығына және ауданның барлық су айдындарында судың кебуіне әкеліп соқтыруы, Тасқала ауылдық округі мен Ақтау ауылдық округі шекарасында 55 гектар алаңда дала өрті пайда болуы, Тасқала ауылындағы №15 өрт сөндіру бекетінің бір қызметкерінде COVID-19-ға оң талдау анықталуы сынды оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Мұның бәрі оқу-жаттығу аясында жүргізілді.

Бүгінгі өткізіліп отырған оқу-жаттығудың мақсаты – Тасқала ауданы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою аумақтық кіші жүйесінің ұйымдастырылуын және жай-күйін зерделеу. Сонымен қатар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша заң талаптары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын, төтенше жағдайдың алдын алу және жою аумақтық кіші жүйесі басқару құрылымдырының, күштері мен құралдарының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қаупі төнген және орын алған кезде әрекет етуге дайындығын тексеру. Сондай-ақ аудан әкімі аппаратының, эвакуациялық қабылдау комиссиясының, ТЖ жөніндегі комиссияның, АҚ қызметтері мен құрамаларының, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылық құрамын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою кезінде әрекет етуге жаттықтыру, - дейді аға лейтенат А.Қалиев.

Өткізілген іс-шаралардың барлық кешені санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып жүргізілді. Жалпы қауіпсіздік шара аясында сегіз практикалық жаттығу болды. Кешенді жаттығу тұрғындардың өміріне қауіп пен қатер төндіріп, табиғатқа да орасан зор залал келтіретін апаттар және басқа да туындайтын қиын жағдайлардың алдын алуға өз септігін тигізетіні сөзсіз. Аудандық құтқарушылар кез келген оқыс оқиғаға толығымен дайын екен.

Оқу жаттығу тәжірбиесінің қорытындысы бойынша теория мен тәжірибе әрекеттерінде үздік танылғандарға БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Р.Бляловтың атынан алғыс хаттар табысталды.

 

Болатбек Сапарғалиев,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале