Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділ Жоламанов, облыстық аймақтық сайлау комиссиясының мүшелері Фархад Хайретдинов пен Асыланбек Ғұбашев келді.

Олар алдымен аудандық ардагерлер үйіне барды. Онда қонақтарды «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалдың төрағасы Амангелді Уәлиев бастаған аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері күтіп алды. Ұйым төрағасы атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.
Еркін бағыттағы жүздесуге аналар кеңесі, «Жәнібек әйелдері» қоғамдық бірлестігі, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Миранбек Ибатов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалдың мүшелері, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыхан Кәрімов қатысты.

Алдымен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарқын Хаирлиев аудандық аумақтық сайлау комиссиясының жұмысы туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Кездесу барысында сайлау жүйесінің дамуы, азаматтардың белсенділігі және әділ сайлаудың қоғам үшін маңызы талқыланды.
Әділ Тауфиқұлы сөз алып, сайлау жұмысының маңызын айшықтады. Сонымен қатар жиында ол екпін түсіре жеткізгені жастарды сайлауға білек сыбана қатысуын арттыру болды.
Осы орайда аудандық Амангелді Мырзағалиұлы, ардагер-ұстаз Гүлнәр Хайырлиева, «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыхан Кәрімов сайлауға қатысты өз ұсыныстарын ортаға салып, еліміздің сайлау жүйесіндегі жаңашылдық пен оң өзгерістерді қолдайтындарын айтты.

Әділ Жоламанов елдегі саяси реформалардың басты қағидаты – халықтың үніне құлақ асу болғандықтан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы осындай кездесулерді жиі өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.
Сайлау жұмысын зерделеп келе жатқан басшылар жиыннан соң Тау ауылына жол тартты.
Бану Берікқали,
Жәнібек ауданы