6.05.2021, 15:55
Оқылды: 82

Кезекті сұқбат ардагердің ғибратты ғұмырына арналды

Кеше Казталов ауданы орталығында орналасқан С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында «Ғибратты ғұмыр» жобасының кезекті сұқбаты оздырылды. Бұл жолы сұқбаттың кейіпкері Казталов ауданының Құрметті азаматы, бірнеше республикалық, мемлекеттік медальдар мен төсбелгілердің иегері, ел ағасы Кәрім Өтеғұлов болды.

5FBD9222-0765-4E76-BFDC-5E2ADB0E58E9

Еңбек ардагерімен өткен келелі сұқбатқа ақсақалдың қызметтес, үзеңгілес достарыауданның дербес бөлімдері мен орталықтарының басшылары, ҮЕҰ мүшелері, жастар санитарлық талаптарды сақтай отырып, оффлайн форматта тамашалауға мүмкіндік алды. Ал аудан тұрғындарының басым көпшілігі «Ауыл айнасы» аудандық қоғамдық-саяси газетінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы тамашалады. 2E663A70-FAF6-407A-B2CD-B7A709146055

Сұқбат барысында сонау ХХ ғасырдағы қазақ халқының, ауданның тыныс-тіршілігі, ауыл шаруашылығы, экономиканың ахуалы баяндалды. Өзі қызмет еткен Партизан совхозының қиын-қыстау кезеңінде басшы болған Кәрім ақсақал қызмет бабындағы естеліктерімен бөлісті. Саналы ғұмырын халқының тұрмыс-тіршілігінің жақсаруы мен өзі басшылық еткен совхоздың әлеуметтік-экономикалық дамуына арнаған ауылшаруашылық саласының ардагері Кәрім атамыз жастарға ақыл-кеңесін айтуды да ұмытпады. Кездесу соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов жоба қонағы Кәрім атамызға жылы лебізін білдіріп, естелік сыйлық табыстады.

Сырлы сұқбатты С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары мен Баян Қабиева әуезді әндерімен әрледі.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале