Биылғы жыл басқасын қайдам, ауылдағы қожалықтар үшін қиын боп тұр. Киік мәселесі де сөзбұйдаға салынып кеткен сияқты. Небір-небір комиссия келіп кетті. Айтарымызды айттық. Өзгерген не бар? Мәселе сол күйі. Киік ауылдың іргесінде тұр. Мал да жын көргендей, қораға қашып кіріп, шықпай қояды.
Тап қазір Мұратсай, Жәрмеңке маңында шөп шауып жүрміз. Шөп жоқ, көк шаң қылып, салдырлап бос жүргеніміз көп.
Ақселеу мен жусанға түстік, биылғы ыстық, қуаңшылықтан шөптің құнары қалмаған. Топырақ аралас. Биыл қиын боп тұр. Шаруаларды қолдау мақсатында тонналап жағармай бөліп жатыр. Бірақ ол да қолжетімсіз. Біз сияқты орта шаруалар ала алмадық. Бұл жылдағы ән ғой. Былтырдан қалған шөпті қосқанда жоспарлап отырған мал азығының 80%-ы бар.
Биыл өзіңіз білесіз, қоян жылы. Қоянның ауыртпалдықпен келетіні белгілі. Мал екі ай тұрып қалса, құрық ұстап қалар түріміз бар.
Қайрат Насимоллин
«Алина» шаруа қожалығының басшысы
Бөкей ордасы ауданы