«AMANAT» партиясының саяси тұғырнамасында «Ауыл – ел бесігі» басымдығы шеңберінде «Жер аманаты» жобасын іске асыру мақсатында аудандық филиал жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясы Қамысты ауылдық округінде болып, киіктердің жайылымдық, шабындық, сондай-ақ егістік алқаптарына келтірілген залал мөлшерін анықтады.
Жұмыс барысында «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы Асхат Молдағалиев, комиссия мүшелері Біржан Қуанәлиев, Бауыржан Сабанов, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Асылбек Қамашев, сонымен қатар Қамысты ауылдық округінің әкімі Нұрлан Аюпов пен ауыл тұрғыны Бұрхан Өтеғалиев алқаптарды аралап, далалық шөптердің шығымын өлшеп, киіктердің әрекетінен келтірілген залалды көріп шықты.
Қазіргі таңда далалық шөптердің шығымы орта мөлшерде, бұл ауыл тұрғындарын мал азығымен қамтамасыз етуге жеткілікті.
Дегенмен киіктердің көші-қоны және олардың әрекеті салдарынан топырақ отарланып, далалық шөптердің шығымы күрт азайып кетуде. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылық құрылымдарына айтарлықтай зиян келтіріп, олардың шығындарының еселей түсуіне әкеп соқты.
Осы тұрғыда «Жер аманаты» комиссиясы киіктердің санын реттеу қажеттлігіне тоқталып, киіктердің әрекетінен ауыл шаруашылық құрылымдарына келтірілген залалды өтеу мүмкіндігін қарастыру мәселесі тиісті уәкілетті органнның назарына жеткізілуі тиіс деген қорытындыға келді.
Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz