12.10.2021, 10:50
Оқылды: 89

Кіл жүйріктер бақ сынамақ

Сырым ауданы орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мекеме қызметкерлері арасында күзгі спартакиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысушыларды спартакиаданың ашылу салтанатымен құттықтап, сәттілік тіледі.

1633969895224
Тартысқа толы додада мықтылар 9 спорт түрінен, әр сенбіде бақ сынайтын болады.
Алғашқы күннен-ақ мекеме қызметкерлері арасында жеңіл атлетика, арқан тартыс бойынша өзара сынға түсіп, алғашқы жеңімпаздар анықталды.
Сайыс қорытындысы бойынша, 100 метр қашықтыққа жүгіруде ерлер арасында ІІІ орынды М.Қанатов, ІІ орынды Ә.Қайыржанов, І орынды Р.Бержанов иеленсе, әйелдер арасында ІІІ орын А.Бисенғалиеваға, ІІ орын Г.Өтеулиева, І орын А.Хабиеваға бұйырды.
400 метр қашықтық бойынша ерлер арасынан ІІІ орынға Ә.Нығмет, ІІ орынға І.Ынтазар, І орынға А.Нұрмашев, әйелдер арасында ІІІ орынға З.Жаналиева, ІІ орынға С.Әубекерова, І орынға А.Амангелдина лайық деп танылды.
Бұдан бөлек, 800 метр қашықтықта ерлер арасынан ІІІ орынға А.Бақтығожин, ІІ орынға А.Исламғалиев, І орынға Ж.Меңдешұлы, әйелдер арасынан ІІІ орынға Л.Мұхамбетжанова, ІІ орынға Л.Аманжолова, І орынға А.Сарсенова табан тіреді.
Әйелдер үшін ең ұзақ қашықтық 1500 метрде Г.Айтқұлова ІІІ орын, Г.Өтеулиева ІІ орын, А.Мамбетқұлова І орын алып өзгелерден оқ бойы оза шапса, ерлер арасында 2000 метр қашықтықта Ы.Ғұсманов ІІІ орын, Е.Махмет ІІ орын, Ә.Қайыржанов жүлделі І орынды алып үздік деп танылды.

1633970035033
Ал, жалпы командалық есеп бойынша жеңіл атлетикадан «Қ.Мырзалиев» командасы көш бастап тұрса, «Барыс» ІІ орынды, «Ж.Досмұхамедов» ІІІ орынды қанағат тұтты. Арқан тартудан «Ж.Досмұхамедов» командасының ойыншылары І орын алып қарсылас шақ келтірмесе, «Мәдениет» командасы ІІ орын, «Қ.Мырзалиев» командасы ІІІ орынды иеленді.
- Әрине, бұл тек алғашқы көрсеткіштер. Алдағы уақытта шағын футбол, асық ату, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, эстафета бойынша қарсыластар өзара бақ сынасатын болады,-дейді «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұқанов.
Кіл жүйріктің ішінде шын жүйріктер жеңіске жетсін демекпіз!

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале