Жаңақала ауданының Жаңажол ауылдық округіне қарасты Кіші Айдархан елді мекеніне таза ауыз су келді.
Республика күнімен тұспа-тұс келген қуанышқа ауыл адамдарының бірегейі жиналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерді дамыту ұлттық жобасы аясында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызы таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі көзделген болатын. Аталмыш шараға аудан әкімі Дархан Закарин және басқа да басшылар қатысты. Ауыл ақсақалы Жанұзақ Дүйсенбиев құттықтау сөз сөйлеп, лента кесу рәсімін жасады.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы,
zhaikpress.kz