15.12.2022, 15:30
Оқылды: 23

Кіші қажылыққа жолдама берілді

Өткен аптада Тасқала ауданына облыстық орталық мешіттің найб имамы Әлібаев Самат арнайы іс-сапарымен келді. Іс-сапардың бастауы аудан әкімдігінің ғимаратынан бастау алып, найб имамды аудан әкімі Бауыржан Айтмағамбетов арнайы қабылдады.

Наиб имам

Қабылдау барысында аудан әкімі ауданымызда ислам дінінің игілігі үшін жасалып жатқан игі істерді атап өтіп, жаңа мешітіміздің құрылысымен таныстырды. Самат Қанатқалиұлы Тасқала ауданында діни тұрақтылық пен қауіпсіздіктің, жамағаттың ахуалы бір қалыпты екендігін атап өтіп, ризашылығын білдірді.

Іс сапар кезегі аудан әкімінің қабылдауынан кейін аудандық мәдениет үйінің кіші залында аудан жастарымен жүздесумен жалғасты. Кездесу барысында аудан жастары ойларында жүрген көкейкесті мәселелер мен діни білімді, ислам әдебі мен құндылығы, мұсылман міндеті мен артықшылықтары бойынша сұрақтарын қойса, найб имам қойылған сұрақтарға шариғат пен зайырлық деңгейде жауап беріп, жастардың діни сауаттылығын арттырудың қажеттігін, жат ағымның жетегінде кетудің алдын алу керектігін сөз етті. Сөз арасында аудан жастары тарапынан осындай шаралардың, діни ағарту жұмыстардың көбірек жүргізілу қажеттігін атап өтті.

Одан әрмен найб имам аудан орталығындағы «Самғау» коворкингінде ауданымыздың білім беру ұйымдарындағы тарих пәнінің мұғалімдерімен кездесті. Кездесуде пән мұғалімдері «Дінтану» пәнінің қажеттілігі мен маңыздылығын айтып, мектеп өмірінде кездесетін діни мәселе мен оқушылардың діни сауаттылығын, ораза ұстаудың әдебі мен дұрыстығы бойынша және өзге де сұрақтарды қояды. Өз кезегінде келген қонақ сұрақтарға жауап беріп, оқушылардың мектеп бағдарламасын тереңірек меңгере отырып, діни дұрыс ілімді алуға кеңес берді. Діни білімге қызыққан әр оқушының мемлекетіміздің бекіткен ұстаным мен шариғаты бойынша жүру керектігін, олармен мәміледе жан жақты саралап барып шешім қабылдау қажеттігін айтты.

Облыстық орталық мешіттің найб имамы Самат Қанатқалиұлының іс-сапарының тағы бір бағыты мешіттемізде жамағатпен жүздесу болды.Найб имам «Жұма намазының» алдында «Аманатқа берік болу» тақырыбында жамағатқа уағыз насихат айтты. Насихат шеңбері Отанымызға, ата-анамызға, отасымызға берік болуға негізделді. Ислам дінінің жақсылық пен ізгіліктің жаршысы болатынын, әрқашанда аманатқа қиянат етпеудің қажеттігін ескертті.

Жұма намазының уағыз-насихатынан кейін аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы мен найб имам Самат Қанатқалиұлы аудандымыздағы мешіттің найб имамы, көп жылдарын дін саласына сарып еткен Айдын Бақытұлына жамағаттың демеуімен жиналған «Умра» кіші қажылығына жолдаманы табыс етті. Сөз алған қонақтар Айдын Бақытұлының жиырма жылдан аса уақыт көлемінде аудан жамағаттына басшылық жасап, жамағаттың қалыптасуымен діни тұрақтылықтың болуына себепші болған білікті маман екендігін атап өтті. Жылдар бойы жасаған жұмысының жемісі жамағат тарапынан берілген жолдамаға ие болуға себеп болғанын, осындай тамаша мүмкіндік кез келген адамға бұйыра бермейтіндігі айтылды. Осы жылдың аяғына таман кіші қажылыққа барып, қажылықта еліміздің дамуы мен тұрақтылығына, ауданымыздың әлеуетінің жақсара беруіне дұға жасауға тілек білдірді. Өз кезегінде Айдын Бақытұлы ризашылығын білдіріп, қонақтарға, аудан жамағатына, ел азаматтарына, бас имам Құлтөре Сақиұлына алғысын айтты.

Іс-сапар соныңда жамағатпен бірге жұма намазын өтеп, ел тыныштығы, тәуелсіздік құрбандары мен ауданымыздағы мешіт құрылысы дұға жасалды.

Меңдібек Нұрболатұлы,

Тасқала ауданы 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале